Шұғыл байланыс телефоны, қоңырау шалу тегін (бекітілген және ұялы байланыс желілерінің абоненттерінен)
Науқанға қатысу
«Фудмастер-класстың» 10 белгісін жинап, жүлделерді беру орталығына әкеліңіз де (немесе поштамен жіберіңіз), скретч-картаға ауыстырып, кепілдендірілген жүлде алыңыз!
Науқанға қатысушылардың бәрі 2012 жылдың 15 мамырында және 15 шілдесінде 100 супержүлдені ұту ойынына қатысады.
Науқан 2012 жылдың 1 сәуірі мен 30 маусымы аралығында өтеді.
Науқанға қатысу ережелері:
Промоқаптамада науқан деген белгісі бар «ФудМастердің» кез келген өнімін сатып алыңыз;
Қаптаманың бұрышындағы «ФудМастер-класс» промобелгісін қиып алыңыз;
10 ұпай жинаңыз да оларды өз қалаңыздағы жүлделерді беру орталығына апарыңыз немесе пошта арқылы жіберіңіз;
10 ұпайды бір жедел жүлдесі бар скретч-картаға айырбастаңыз;
Қатысушы купонын толтырыңыз да, 2013 ж. 17 мамырда және 17 маусымда өтетін 2 супержүлде ұту ойынына қатысыңыз;
Жедел жүлделер 2013 жылдың 19 сәуір - 30 маусым аралығында промоорталықтарда беріледі.
Қосымша шарттар:
Науқанға арнайы промо-қаптамадағы «Фудмастер» СБ өнімдері қатысады;
Науқан 2012 жылдың 1 сәуірі мен 30 маусымы аралығында Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі;
Науқан аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер жарамсыз болып танылады;
Науқанға Фудмастер компаниясының қызметкерлері мен олардың жақын туыстары қатыстырылмайды;
Жүлделер саны шектеулі;
Компания себебін түсіндірместен, науқанға қатыстырмауға құқылы;
Супержүлделер ұтыс ойынына қатысқан промо-логотиптердің жалпы санынан кездейсоқ таңдау арқылы науқан соңында Алматы қаласында бір рет ойнатылады;
Жеңімпаздарды марапаттау тек төменде көрсетілген құжаттарды: жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, СТН-нің көшірмесін, азаматтарды есепке алу және тіркеу кітабының (үй кітабы) көшірмесін немесе бекітілген үлгідегі мекенжай анықтамасын көрсеткен жағдайда ғана жүзеге асырылады;
Супер-жүлделерді берген кезде компания жеке куәлік пен қатысушы купонының жыртылатын бөлігін талап етуге құқылы;
Талап етілген құжаттар болмаған жағдайда компания жүлделерді беруден бас тартуға құқылы;
Компания қатысушының көрсеткен қате деректеріне жауапты болмайды;
Егер науқан жеңімпазы ұтыс ойыны өткеннен кейін 1 апта ішінде хабарласпаса, компания қалған науқан қатысушылары арасында қосымша ұтыс ойынын өткізіп, жүлдені басқа қатысушыға беруге құқылы;
Барлық жүлделер тегін тапсырылады. Компания жүлделерді тапсыру бойынша барлық шығындарды өз мойнына алады (салықтар мен басқа төлемдерді қоса алғанда);
Қатысушыларға Жүлделер осы ережелерге сәйкес беріледі. Науқанды өткізу мен жүлде алу бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда Компания шешімі соңғы болып саналады;
Компания Жеңімпаздардың есімдері мен суреттерін жарнамалық мақсатта пайдалануға, науқан мерзімін ұзартуға, жүлделерді беру процедурасын өзгертуге, науқан және оны өткізу ережелері туралы қосымша ақпараттарды жариялауға құқылы.