Қазақша / Русский

Науқанның ұйымдастырушысы кім?
«Компания ФудМастер-Трэйд» ЖШС.


Науқанға кімдер қатыса алады және кімдер қатыса алмайды?
Науқанға қатыса алатындар:

Науқанға қатыса алмайтындар:

Қатысушылардың жасына байланысты немесе басқа да шектеулер бар ма?  
Науқанға 18 жасқа толған жандар қатыса алады. 


Науқанды өткізу мерзімі?
Науқан 2013 жылдың 15 наурызы мен 30 маусымы аралығында өтеді. 
Промо-орталықтар 2013 жылдың 19 сәуірі мен 30 маусымы аралығында жұмыс істейді. 
Промо-орталықтардың жұмыс күндері: жұма, сенбі, жексенбі.
Жұмыс уақыты:

Супер-жүлделерді ұту ойыны 2013 жылдың 17 мамыры мен 17 шілдесі аралығында өтеді. 


Науқан қай қалаларда өтеді?
Науқан Қазақстан Республикасының барлық аумағында әрекет етеді. 
Промо-орталықтар Қазақстанның ірі қалаларында орналасқан. 


Науқанға қандай өнімдер қатыстырылады (яғни, қаптамалар/олардың заттаңбалары қандай болуы тиіс)? Науқанға қатысу үшін не істеу керек? 

Науқанға қатысу ережелері:

* Ұпай саны көрсетілген «Фудмастер-класс» промо-логотипі қаптаманың жанында (кефир, айран, ряженка, табиғи йогурт, ұйыған сүт) көрсетілген. Жарнама материалдарынан қиып алынған промо-логотиптер жарамсыз. 

Промо-логотиптер таза, қолдан боялмаған немесе басқа да зақымсыз болуы керек. 
**Поштамен жіберілген промо-логотиптер ұтыс ойынға қатыстырылуы үшін қатысушының аты-жөнін, мекенжайын, телефонын көрсету қажет. Қатысушы туралы толық ақпараты бар поштамен жіберілген промо-логотиптер супер жүлделер ұтыс ойынына ғана қатыстырылады, лездік жүлделерге ие бола алмайды. 


Ұтқанымды қалай біле аламын?
Лездік жүлделерді қатысушылар 10 ұпайды скретч-картаға айырбастаған кезде ала алады. 
Супер жүлделерді ұту ойыны «Компания ФудМастер-Трэйд» ЖШС аумағында өтеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жабық режимде, нотариустың міндетті қатысуымен өткізіледі. 

Жүлделер қалай ойнатылады?
Жүлделер ұтыс ойыны кездейсоқ таңдау әдісімен өтеді. Купондардың барлығы барабанға салынады да, кездейсоқ тәртіппен таңдалады. 
Ұтыс ойынды өткізу барысын компания өкілдерінен және тәуелсіз нотариустан тұратын комиссия бақылайды. 


Скретч-карта дегеніміз не?
Скретч-карта — бұл кепілдендірілген жүлде көрсетілген қорғаныс жолы бар арнайы краточка. Скретч-карталардың бәрінде белгілі бір жүлделер бар (лездік жүлделер тізімі №3 қосымшада көрсетілген)


Скретч-картаны қалай алуға болады?
Скретч-карта промо-орталықта Фудмастер-Кластың 10 ұпайының орнына беріледі. 10 ұпайға 1 скретч-карта беріледі. 1 скретч-карта 10 ұпайға тең. Мысалы, 30 ұпайды айырбастаған кезде промо орталық 3 скретч карта береді. 

Скретч-карта бойынша ұтып алынған жүлделер қалай беріледі? 
Егер тамақ салуға арналған контейнер немесе салат салғыш, араластыруға арналған 2 қасық немесе силикон тұтқыш, не өлшеу ыдысын ұтып алсаңыз, жүлделер промо-орталықта бірден беріледі. 
Егер тұрмыстық техника жүлделерінің (салынбалы блендер, көп қызметті пісіргіш аспап, булағыш, асүй комбайны, шырын сыққыш) біреуін ұтып алсаңыз, жүлдені алу үшін келесі құжаттарыңыздың көшірмелерін қалдыруға тиіссіз: 

Промо-орталықтағы промоутер құжаттардың көшірмесін алып кетіп, тізімдеме жасайды да, жүлделерді береді. 
Егер құжаттарыңыз өзіңізбен бірге болмаса, онда құжаттарыңызды кейінірек немесе келесі күні алып келе аласыз. Бұндай жағдайда промоутер сіздің мәліметтеріңізді (аты-жөн, мекенжай, телефон) тізімдемеге жазып, ол тізімдемені скретч-картаға бекітеді. Сіз құжаттарыңыздың көшірмесін әкелген соң, олардың орнына сізге сыйлық береді.


Құжаттарды не үшін көрсету керек?
Сіздің құжаттарыңыз компанияның жүлдеге кететін салықтарын төлеуі үшін керек (Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес). Компания құжаттарыңыздың көшірмесін тек осы мақсатта пайдаланатынына кепілдік береді.
Кепілдендірілген жүлде алған скретч-карта промоутерде қалады.
Купон супер жүлде ұтып алуға мүмкіндік береді.


Купон қалай беріледі?
10 ұпай жинап, скретч-картаға айырбастаған барлық қатысушыларға купон промо-орталықтарда беріледі.
10 ұпайға 1 купоннан беріледі.
Купон екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі толтырылады да, промоутерге беріледі, ол купондарды жинау үшін оны қорапқа салады. 
Екінші бөлігі (жыртылмалы бөлік)  қатысушыда қалады. Қатысушы жыртылмалы бөлігін науқан аяқталғанша сақтап, жүлде ұтып алған жағдайда оны көрсету керек. Жыртылмалы бөліксіз жүлде берілмейді! (Промо-логотиптерді поштамен жіберген жеңімпаздарға бұл қатысты емес).
Барлық купондар супер жүлде ұтыс ойындарына қатысады. Бірінші ұтыс ойынында (2013 ж. 17 мамыр) ойнатылған купондар екінші ұтыс ойынға өтеді. Егер купон бірінші ұтыс ойында жүлделі болса, онда екінші ұтыс ойынға (2013 ж. 17 шілде) қатыса алмайды.
Купон мен скретч-карта 10 ұпайдың орнына ғана тегін беріледі.

Егер қатысушы логотиптерді пошта арқылы жіберген жағдайда, ол тек супер жүлделер ұтыс ойынына (скретч-карта мен лездік жүлдені ала алмайды) ғана жіберіледі. Компания қатысушының купонын өзі толтырады (ол үшін хатта аты-жөнін, мекенжайын, телефон нөмірін көрсетуі керек). Жыртылмалы купон компанияда қалады.


Қандай жүлделер болады?

Жүлделер жарнама материалдарында бейнеленген суреттерден өзгеше болуы мүмкін.


Жүлделерді беру ТД арқылы көрсетіле ме?
Жарнама роликтері  телевизия арналарынан беріледі. Жүлделерді беру сайтымызда жарияланады, бірақ ТД-ға шығарылмайды.  


Жеңімпаздар тізімі бір жерлерге жариялана ма немесе шұғыл байланыс желісінде бола ма?
Жеңімпаздар тізімі компанияның сайтында жарияланады және шұғыл байланыс желісінен айтылады. 


Жүлделерді қай жерден алуға болады?
Жүлделер тек промо-орталықтарда ғана беріледі. Супер жүлделер жеңімпаздардың үйлеріне жеткізіледі (тегін).


Жүлденің орнына қолма-қол ақша алуға бола ма?
Болмайды.


Жүлделер қай мерзімге дейін беріледі?
Скретч-карта бойынша жүлдені науқан аяқталғанша алуға болады (2013 ж. 30 шілде)
Супер жүлделер жеңімпаздарға ұтыс ойын аяқталғаннан кейін 3 аптаның ішінде тегін жеткізіледі.
Егер Компания өкілдері бір аптаның ішінде супер ұтыс ойын жеңімпазын анықтай алмаған жағдайда ұтыс ойын екінші рет ойнатылады да, жүлде басқа қатысушыға беріледі. Осы сияқты түсініспеушіліктерге жол бермес үшін дұрыс байланысу ақпараттарын қалдыру керек. 


Жүлдені науқанды өткізу мерзімінен кейін ала алам ба?

Лездік жүлделер науқанды өткізу барысында ғана беріледі. 
Супер жүлделер 3 аптаның ішінде өткізілетін әрбір ұтыс ойыннан кейін беріледі. 


Шағымдар мен ұсыныстарды қайда бере аламыз? 

Жүлделерге кеткен салықтарды кім төлейді? 
Салықтардың бәрін «Компания ФудМастер-Трэйд» ЖШС компаниясы төлейді. Супер жүлделерді жеткізуді Компания тегін жүзеге асырады. 


Өнімдеріңіздің көтерме бағамен сатылатын легіне қалай тапсырыс бере аламын? (компанияның ҚР бойынша сату бөлімдерінің мекенжайлары мен телефондары).
Филиал мекенжайларын сайттан көре аласыздар. 


Егер қатысушы Алматы қ. тұрғыны болмаса, жүлдесін қалай алып кете алады? 
Лездік жүлделерді промо-орталықтардан ала алады. Кепілдендірілген жүлделер жеңімпаздарға тұрғылықты мекенжайға қарамай түгелдей жеткізіледі.