Шұғыл байланыс телефоны, қоңырау шалу тегін (тек қала телефондарынан)
«Фудмастер-класстың» 10 белгісін жинап, жүлделерді беру орталығына әкеліңіз де (немесе поштамен жіберіңіз), скретч-картаға ауыстырып, кепілдендірілген жүлде алыңыз!
Науқанға қатысушылардың бәрі 2012 жылдың 15 мамырында және 15 шілдесінде 100 супержүлдені ұту ойынына қатысады.
Науқан 2012 жылдың 1 сәуірі мен 30 маусымы аралығында өтеді.
Науқанға қатысу ережелері:
Фудмастердің науқандық лентасы бар промо қаптамадағы кез келген өнімін сатып алыңыз;
Қаптаманың жанынан Фудмастер-Класс промо-логотипін қиып алыңыз;
10 промо-логотип жинап, оларды қалаңыздағы жүлделерді беру орталығына әкеліңіз немесе поштамен жіберіңіз;
Промо логотиптерді лездік жүлдесі бар бір скретч-картаға айырбастаңыздар;
Қатысушы купонын толтырып, 2012 жылдың 15 мамыры мен 15 шілдесінде 2 супержүлделерді (тұрмыстық техника) ұту ойынына қатысыңыздар.
Қосымша шарттар:
Науқанға арнайы промо-қаптамадағы «Фудмастер» СБ өнімдері қатысады;
Науқан 2012 жылдың 1 сәуірі мен 30 маусымы аралығында Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі;
Науқан аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер жарамсыз болып танылады;
Науқанға Фудмастер компаниясының қызметкерлері мен олардың жақын туыстары қатыстырылмайды;
Жүлделер саны шектеулі;
Компания себебін түсіндірместен, науқанға қатыстырмауға құқылы;
Супержүлделер ұтыс ойынына қатысқан промо-логотиптердің жалпы санынан кездейсоқ таңдау арқылы науқан соңында Алматы қаласында бір рет ойнатылады;
Жеңімпаздарды марапаттау тек төменде көрсетілген құжаттарды: жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, СТН-нің көшірмесін, азаматтарды есепке алу және тіркеу кітабының (үй кітабы) көшірмесін немесе бекітілген үлгідегі мекенжай анықтамасын көрсеткен жағдайда ғана жүзеге асырылады;
Жүлделер ақшалай сомаға айырбасталып берілмейді;
Супер-жүлделерді берген кезде компания жеке куәлік пен қатысушы купонының жыртылатын бөлігін талап етуге құқылы;
Талап етілген құжаттар болмаған жағдайда компания жүлделерді беруден бас тартуға құқылы;
Компания қатысушының көрсеткен қате деректеріне жауапты болмайды;
Егер науқан жеңімпазы ұтыс ойыны өткеннен кейін 1 апта ішінде хабарласпаса, компания қалған науқан қатысушылары арасында қосымша ұтыс ойынын өткізіп, жүлдені басқа қатысушыға беруге құқылы;
Барлық жүлделер тегін тапсырылады. Компания жүлделерді тапсыру бойынша барлық шығындарды өз мойнына алады (салықтар мен басқа төлемдерді қоса алғанда);
Қатысушыларға Жүлделер осы ережелерге сәйкес беріледі. Науқанды өткізу мен жүлде алу бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда Компания шешімі соңғы болып саналады;
Компания Жеңімпаздардың есімдері мен суреттерін жарнамалық мақсатта пайдалануға, науқан мерзімін ұзартуға, жүлделерді беру процедурасын өзгертуге, науқан және оны өткізу ережелері туралы қосымша ақпараттарды жариялауға құқылы.